Қазақстандық құтқарушылар Жапония мен Польша альпинистерін құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық құтқарушылар Қырғызстанда апатқа ұшыраған тікұшақ жолаушыларын құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық құтқарушылар Жапония мен Польша альпинистерін құтқарды

Еске сала кетсек, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандық әріптестерінен Ыстықкөл облысында тікұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін көмек сұраған еді.

«Қырғызстан тауларында Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақта 9 альпинист (Жапония, Польша азаматтары), үш экипаж мүшесі және бір нұсқаушы болған. Оларды эвакуациялау үшін қырғызстандық тарап бізден әуе кемесін жіберуді сұрады. Премьер-министрмен келісе отырып, апат орнына «Қазәуеқұтқару» АҚ Ми-171 тікұшағын жібердік. 15:25-те қазақстандық құтқарушылар мұздықтан түсірілді және жақын орналасқан Қырғызстан Республикасының елдімекеніне жеткізілді», - деп жауап берді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына.

Комитет төрағасының айтуынша, Қырғызстанға 4 қазақстандық құтқарушы жіберілген. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Тікұшақ апатының себептерін қырғызстандық тарап анықтайды.