Қазақстандық қыздар Әзербайжандағы КВН лигасында үздік атанды (ФОТО)

Кешті кіші Александр Масляков жүргізді.
Маусымдағы бірінші кезеңде үздік атануға 15 команда бәсекелесті. Бірінші кезеңде бағын сынағандар «UIB» (Қазақстан), «Чак Норрис» (Әзербайжан), «Кураж» (Әзербайжан), «Мираж» (Әзербайжан), БМУ (Әзербайжан), «Капитал Юмора» (Әзербайжан), «Баксовет» (Басқару Академиясы, Әзербайжан), «3+2» (Баку), Wall Street (АзГЭУ), Ессентуки қаласының құрамасы, «Маша + Саша» (Ресей), «Сборная Тбилиси» (Грузия) командалары болды. Байқаудан тыс КВН Премьер-лигасына қатысушы «Баку құрамасы» өнер көрсетті. Қазылар бірауыздан екі Кубокты қонақтарға, біреуін ғана Әзербайжан құрамасына беруді шешті. Осылайша, үшінші орынды - анапалық «Маша+Саша» командасы (Ресей) місе тұтты. Екінші орын БМУ (Әзербайжан) құрамасына бұйырса, жеңіс тұғырына «UIB» командасы - Халықаралық бизнес университетінің (Қазақстан) өкілдері шықты.