Қазақстандық материалтану токамагын зерттеу мәселесі Мәскеуде талқыланбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде 2 наурыз күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 77-отырысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Күн тәртібінде экономика саласындағы ТМД елдерінің өзара әрекеттестігінің кең ауқымы қарастырылған. Отырысқа қатысушылар, атап айтқанда, ТМД елдерінің зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру және дамыту, Мемлекетаралық стандарттау бойынша құжаттарды тарату, қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісімдер жобасын қарастырады.

«Жиында 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстандық материалтану токамагы ғылыми зерттеу бағдарламасы талқыланады. Инновациялық энергетиканы дамыту және озық энергетикалық технологияларды жасау салаларындағы ТМД елдерінің ынтымақтастық тұжырымдамасы және оны жүзеге асыру бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ 2025 жылға дейінгі кезеңде құтырудың алдын алу және онымен күресу бойынша Достастық мемлекеттерінің бірлескен іс-қимыл кешені жобалары қаралады», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Бұдан бөлек, 2017 жылғы өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығын тағайындау мәселесі де көтерілмек.

Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар бірқатар бюджеттік-қаржылық және ұйымдастыру мәселелерін талқылайды. 

Соңғы жаңалықтар