Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер немістің «Херти» мемлекеттік басқару мектебінде оқудан өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Топ құрамында Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің. Бас прокуратураның, мәдениет және ақпарат, сыртқы істер министрліктерінің және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері болды. Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер оқу барысында ЕҚЫҰ қызметінің базалық ұстанымдарымен және стандарттарымен танысты, шешімдер қабылау үдерістерін және тетіктерін, мемлекеттік органдардың транспаренттігі мен ашықтығын оқып-үйренді, ЕҚЫҰ қызметінің өзекті бағыттары таныстырылды.
Сондай-ақ Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер біліктілікті арттыру курстары кезінде Бундестаг депутаттарымен, ЕҚЫҰ құрылымдарында жұмыс тәжірибесі бар мамандармен, мемлекеттік қызметкерлермен және ЕҚЫҰ зерттеулер орталығының ғалымдарымен кездесті.
Бұл семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттінің жанындағы «Мемлекеттік қызмет қызметкерлерін басқару ұлттық орталығы» АҚ «Мемлекеттік қызметкерлердің шетелдерде біліктілігін көтеру» және «Еуропалық жол» бағдарламаларын жүзеге асыру ауқымында ұйымдастырды.