Қазақстандық мемлекеттік қызметшілер Сингапурде біліктіліктерін арттыру курсынан өтуде
деп хабарлайды «Мемлекеттік қызмет персоналдарын басқару ұлттық орталығы» АҚ баспасөз қызметі.
Курстың тақырыбы - «Индустриялық-инновациялық даму: халықаралық тәжірибе және Қазақстан үшін сабақ».
Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік басқару мектебі Оңтүстік-Шығыс Азияның келешектегі көшбасшыларын даярлайтын аймақтағы жетекші білім беру орталықтарының бірінен саналады.
Қазақстандық делегацияның құрамына ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, индустрия және сауда, білім және ғылым, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Бұл сапардың мақсаты Сингапурді үлгі ете отырып, индустриялық-инновациялық даму саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді зерделеу және осы тәжірибені Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері болып табылады.