Қазақстандық менеджмент «ҚазТрансГаз-Тбилисиге» сәуірден кейін ғана қайта оралуы мүмкін

БАКУ-ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Қазақстандық менеджмент «ҚазТрансГаз-Тбилисиге» шамамен сәуір айына дейін орала алмайды. Бұл туралы Грузия энергетика министрінің орынбасары Мариам Валишвили айтты.
None
None

Энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі ұлттық комиссия бұдан бұрын «ҚазТрансГаз-Тбилиси» уақытша басқарушысы Гии Бенашвилидің өкілеттігін сәуірге дейін ұзартқан болатын.

М.Валишвили қазақстандық менеджменттің компанияға оралуының шарты қарыздар мәселесін шешу болып отыр, 1 сәуірге дейін оған уақыт жеткілікті, деп атап өтті.

Сонымен қатар министрдің орынбасары қазақстандық менеджментті қайтару жөніндегі принципті шешім қабылданғанын атап көрсетті.

«ҚазТрансГаз» «Тбилгаз» компаниясын 2006 жылы 12,5 млн. долларға сатып алған болатын. Компанияны басқаруға грузин менеджменті 2009 жылы ел бюджеті алдында 80 миллион лари (1 доллар - 1,86 лари) көлемінде берешек қордаланғаннан кейін тартылды.

Соңғы жаңалықтар