Қазақстандық монополияға қарсы ведомствоның басшысы Қазанда өткен бәсекелестік бойынша халықаралық конференцияға қатысты

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Қазақстандық монополияға қарсы ведомствоның басшысы Мәжит Есенбаев Қазанда өткен бәсекелестік бойынша халықаралық конференцияның жұмысына қатысты,
None
None

деп хабарлайды ҚР Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара қыркүйектің басында БРҮК (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай) елдерінің басшылығымен өтті және әлемнің 40-тан астам елдерінен келген монополияға қарсы ведомстволар өкілдерінің басын қосты. Форумға сонымен қатар, Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Игорь Шувалов пен Татарстанның президенті Минтимер Шаймиев қатысты.

Мәжит Есенбаев «Қазақстандағы картелдерге қарсы күресу үшін институционалдық және құқықтық жағдайлар» деген тақырыпта хабарлама жасады.

Соңғы жаңалықтар