Қазақстандық мүсінші Шыңғыс Айтматовтың шығармалары бойынша мүсін конкурсында жеңіске жетті

БІШКЕК. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ержан Құдайбергенов «Ш.Айтматовтың шығармаларының ізімен» мүсін мен керамика бойынша халықаралық симпозиумда үздік деп танылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конкурстың бірінші жүлдесіне қазақстандық суретші қырғыз жазушысының «Толғау» деп аталатын шығармасы бойынша «Ғасыр аяғындағы толғау» деген жұмысы ие болды. Ыстықкөл жағалауындағы «Рух Ордо» мәдениет орталғында маусымның 15-інен шілденің 1-і аралығында өткен конкурсқа Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мүсіншілерінің жұмыстары қатысты.

Соңғы жаңалықтар