Қазақстандық музыканттар Швейцариядағы музыка академиясының магистратурасына қабылданды

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік шекті аспаптар квартеті мемлкеттік «Болашақ» бағадарламасы аясында Швейцариядағы музыка академииясының магистратурасына қабылданды.
None
None

Бұл жайында Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының 75-жылдығына орай арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Квартет құрылғаннан бері оның музыканттары көптеген халықаралық байқаулар мен фестивалдардың лауреаты атанған. Сонымен қатар квартет ұжымы Ресей, Украина, Франция, Германия, Жапония, Швейцария, АҚШ, Италия және өзге де мемлекеттердің ең жақсы концерт залдарында өнер көрсеткен.

«Бұл квартет Қазақстанда дара болуымен ерекешеленеді. Ұлттық музыка мектебінен өсіп шыққан осы квартет қана мемлекеттік мәртебеге ие болып отыр. Еуропалықтар олардың шығармашылығына үлкен қызығушылық танытуда. Ұжым шет елдерде ұлттық классикалық шығармаларды насихаттауда. Денгенімен, кез-келген ұжымның шеберлік деңгейі дүниежүзі бойынша классиканы орындау деңгейімен бағаланады. Міне біздің квартет те әлемдік орындаушылардың деңгейінде өнер көрсетіп, әрқашан шығармашылық ізденісте жүреді", дейді филармония директорының орынбасары Сәуле Танекеева.

Аталмыш квартеттің құрылған күнінен бергі мүшесі Ернар Мыңтаев ұжымның еліміз бен шетелдерде сәтті өнер көрсетіп келе жатқандығын айтады. "Камералық музыка элиталық болып саналғанымен, орындаушы ретінде бізге дамып, өсу маңызды. Бұл үшін өте үлкен бәсекелестік орта қажет. Оқу барысында бізге шығармашылық еркіндік беріледі, өйткені біздің жетекшіміз концерт қоятын музыкант. Бізде де концерттерде өнер көрсетіп, еуропалық тыңдармандарды жақын тануға мүмкіндік туады", дейді Е.Мыңтаев.

Соңғы жаңалықтар