Қазақстандық невропатолог-дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

Атап айтқанда, Қазақстанның облыстары мен қалаларынан келген невропатолог-дәрігерлер тобы Түркияда тәжірибемен алмасу жөніндегі бағдарлама шеңберіндегі тағылымдаманы аяқтады. Сапар Түркия үкіметі кеңсесінің жанындағы Ынтымақтастық пен үйлестіру жөніндегі агенттігінің (ТИКА) қолдауымен және ТР Денсаулық сақтау министрлігінің өзара іс-қимылымен ұйымдастырылды.
Қазақстандық емдеу мекемелерінің өкілдері неврологиялық ауруларды қазіргі заманғы емдеу әдістерімен және технологияларымен іс жүзінде танысу мүмкіндігіне ие болды. Тағылымдама Түркия астанасының ең алдыңғы қатарлы клиникаларының бірі болып табылатын Анкара ғылыми-зерттеу клиникасында өтті. Соңында ТР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы қазақстандық дәрігерлерге сертификаттар тапсырды.
Қазақстандық дәрігерлер Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесті. Қатысушыларға қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.