Қазақстандық оқушылар халықаралық Туймаада олимпиадасынан 33 медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық оқушылар математика, химия және информатика пәндері бойынша 30-шы халықаралық «Туймаада» олимпиадасының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық оқушылар халықаралық Туймаада олимпиадасынан 33 медаль алды
Photo: gov.kz

«Олимпиадаға Ресей, Румыния, Қазақстан, Сингапур, Индонезия елдерінен 215 оқушы қатысты. Біздің еліміздің атынан республиканың әр өңірінен 80 оқушы қатысып, 4 алтын, 14 күміс және 15 қола медальдар жиынтығын жеңіп алды», - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінен.

Айта кетсек, «Туймаада» олимпиадасы 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан жарысқа 2004 жылдан бері қатысады. Олимпиада екі күнге созылып, екі турдан тұрады. Әр турда қатысушыларға 5 астрономиялық сағат ішінде үш-төрт есеп шығару ұсынылады.