Қазақстандық оқушылар Минскіде жас инспекторлардың халықаралық форумына қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Минскіде 43-қозғалыс жас инспекторларының (ҚЖИ) республикалық слет-конкурсы өтуде, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
None
None

Слетке ҚЖИ жасақтары - Беларусь Республикасының облыс және астаналық конкурстарының жеңімпаздары, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің командалары қатысуда. Біздің елімізден Шығыс Қазақстан облысының ҚЖИ командасы барды. Барлығы жарысқа 200 жуық бала қатысып отыр.

43-қозғалыс жас инспекторларының республикалық слет-конкурсының салтанатты ашылу рәсімі 26 мамырда «Минск - батыр қала» стелласының жанында өтті.

Слет-конкурстың қонақтары мен қатысушыларын Беларусь астанасының шығармашылық ұжымдары қошаметтеді. «Альянс» Беларусь би лигасының оқушылары «Жас ұрпақ - қауіпсіз қозғалысты қолдайды» деген ұранмен флешмоб дайындады.

Слеттің мерекелік жабылуы 30 мамырда «Верхний город» қонцерттік залында өтеді, онда конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларының марапаттау рәсімі болады. Іс-шараның соңы отбұрқаққа ұласпақ.

Осыған ұқсас ҚЖИ слеттері Қазақстанда да ұйымдастырылатындығын атап өткен жөн. Жыл сайын ІІМ бастамасымен аймақтық слеттер және оның республикалық финалы өткізіледі, оның жеңімпаздары ТМД-ға қатысушы-елдердің мемлекетаралық ҚЖИ слетінде Қазақстанның намысын қорғайды. Атай кетсек, 2014 жылы Ғ.Байтасов атындағы Қозғалыс жас инспекторларының республикалық слеті Шығыс Қазақстан облысында өтті, оған Қазақстанның аймақтық жарыстарының жеңімпаздары және ТМД елдері (Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасы) қатысты.

2015 жылы Қазақстан Республикасы ҚЖИ республикалық слетін 10-19 шілде аралығында Қостанай облысында өткізу жоспарланып отыр.

ҚЖИ қозғалысы, оның слеттері, конкурстары жалпы білім беру үдерісін тереңдетуге, өскелең ұрпақтардың мәдени деңгейіне ықпал етеді. Сондай-ақ балалардың жол-көлік жарақаттану жағдайына нақты әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар