Қазақстандық оқушылар Үндістандағы робототехника жарысында жоғары марапатқа ие болды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына қазақстандық оқушылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу министрлігіне сілтеме жасап.

Екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы №81 мамандандырылған мектеп оқушылары іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды.

- Finalist Alliance Captain Award - финалдық матчтар барысында Альянсты басқарғаны үшін арнайы марапат;

- Innovate award - Робот жасаудағы инновациялық тәсіл үшін ең жоғары инженерлік марапат;

- Rookie Inspiration - жаңадан келген командаға берілетін ең жоғары марапат.

«Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады», – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.

Айта кетейік, FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына 5 елден 70 команда жиналды. Қазақстан, Үндістан, Израиль, Ресей және Румыния мемлекеттерінің оқушылары өзара мықтыны анықтады.


Соңғы жаңалықтар