Қазақстандық оқушылардың суреттері Еуропалық одақтың дүниежүзілік конкурсына қатысуда

None
None
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссияның ұйымдастыруымен гендерлік теңдік тақырыбына жарияланған дүниежүзілік конкурстың аясында Астанада балалар суреттерінің көрмесі өтуде.
Осымен үшінші рет өткізіліп жатқан бұл байқау әлем балаларын гендерлік теңдікке қатысты өз ойларын білдіруге шақырып отыр. Қазақстандық балалар бұл конкурсқа осымен екінші жыл қатысуда, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Еуропалық комиссиясының Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілдігінен. «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» қоғамдық бірлестігі Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп бүгін Астанадағы «Думан» орталығында Отбасы күніне орайластырылған мерекелік шара ұйымдастырып отыр. Мерекеге 100 отбасы қатысуда, олардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған және көпбалалы отбасылар бар. Мерекелік шараға қатысушы отбасылар мен «Думан» орталығына келушілер қазылар алқасының міндетін атқарып, балалар суреттерінің конкурсына қойылған 10 үздік жұмысты таңдайды. Көрмеге Қазақстанның барлық өңірінен 8 бен 10 жастың аралығындағы оқушылар 150-ден астам сурет жолдап отыр. Іріктелген үздік 10 сурет дүниежүзілік конкурсқа жөнелтіледі.
Соңғы жаңалықтар
telegram