09:56, 25 Шілде 2015 | GMT +5
Қазақстандық Ольга Рыпакова лондондық «Гауһар лига» кезеңінде жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова лондондық «Гауһар лига» кезеңінде үш қарғып секіруден жеңіске жетті, деп хабарлады Sports.kz.
2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Ольга Рыпакова Ямайкадан келген Кимберли Уильямс пен словакиялық Дана Велдаковадан басым түсті.
Жеңіл атлетика. «Гауһар лига». Лондон (Ұлыбритания) Әйелдер. Үш қарғып секіру. 1. Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 14.33 2. Кимберли Уильямс (Ямайка) - 14.15 3. Дана Велдакова (Словакия) - 13.66.