Қазақстандық Омбудсмен таиландтық әріптесіне хат жолдады

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл  Таиланд Корольдігінің Омбудсменіне төрт қазақстандық ұшқышты тұтқындауға байланысты оқиғаны  осы елдің құзыретті органдарының жан-жақты, әрі объективті қарауын қамтамасыз етуге жәрдемдесу туралы өтінішпен хат жолдады,
None
None

деп хабарлады Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтан.

Қазақстандық Уәкіл осы істі қарау кезінде әуе тасымалы саласында негізгі халықаралық-құқықтық құжаттардың, алдымен 1929 жылғы
12 қазандағы Варшава конвенциясының және 1999 жылғы 28 мамырдағы Монреаль конвенциясының ережелері, сондай-ақ ізгілік, адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы қағидаттары ескерілетініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар