Қазақстандық өнер шеберлері Астраханда өнер көрсетті (ФОТО)

«Бұл кеш - Атырауда 2014 жылғы қыркүйекте 11-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының барысында Қазақстан мен Ресей президенттері қол жеткізген екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету бойынша уағдаластықтың іс жүзіндегі нәтижелерінің бірі. Астархань облысының ірі шара өткізуге таңдалған себебі, мұнда 150 мыңнан астам қазақтар тұрады», - деді кеште құттықтау сөзінде ҚР-дың РФ-дағы кеңесші-елшісі Виктор Темірбаев.
Концерт бағдарламасына «Мәңгілік Елдің» құрметтейтін, насихаттайтын құндылықтары туралы идеялар арқау болған. Бірінші кезекте, елдің орнықты дамуы, азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, патриоттық, рухани мұра. Кеш қонақтары Қазақстан халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Михаил Токарев, қазақстандық жас жұлдыздар: «Үлкен опера» теледидар байқауының жеңімпазы Салтанат Ахметова, ресейлік «Дауыс» тележобасының қатысушысы Диана Шарапова, Әлібек Әлмадиев, «VoicekKZ» тобы болды. Сондай-ақ Атыраудың Д. Нұрпейісова атындағы халық аспаптар академиялық оркестрі, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері және т.б. өнер көрсетті.
Барлық концерттік нөмірді көрермендер ерекше қошеметпен жылы қабылдады.