11:25, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстандық палуандар Польшадағы турнирден жүлделі оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Нұрислам Санаев Польшада өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА sports.kz-ке сілтеме жасап.

Еркін күрестен 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Санаевқа бірыңғай қазақстандық палуандармен күш сынасуға тура келді. Олар: Ғабит Төлепбай, Ернұр Қабатаев, Жандос Ысмайылов.
Нәтижесінде, 57 кг салмақта «күміс» Жандос Ысмайыловқа, «қоланың» бірі Ғабит Төлепбайға бұйырды.
Сондай-ақ, қола жүлдеге Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен Ермұхамед Іңкәр (125 кг) ие болды.