Қазақстандық палуандар Түркияда грек-рим күресінен 3 медаль жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грек-рим күресінен Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан командасы кезекті жүлдесін иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.
None
None

77 келіде белдесетін Демеу Жадыраев финалда түркиялық балуанға 3:3 есебімен жол беріп, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Одан бөлек, 60 келідегі Айдос Сұлтанғали мен Мейрамбек Айнағұловтың қола медаль жеңіп алғанын хабарланды.
Соңғы жаңалықтар