Қазақстандық «Панда» АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Панда» лақап атымен танылған бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (13-0, 11 КО) 22 қазан күні таңертең АҚШ-тың Флорида штатындағы Орландо қаласында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
Отандық спортшының қарсыласы - мексикалық Хавьер Гомес Руэда (21-17, 15 КО). Кездесу қарсаңында қарсыластар міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Серік Instagram парақшасында көңіл-күйін бөлісіп, «Салмақ өлшенді, айқасқа дайынмын», - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Мұсаділов рингке соңғы рет өткен айда шыққан.
Ол 8 қыркүйекте өз елінде колумбиялық Мануэль Банкесті (8-9-2, 5 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Фото: instagram.com/serikmussadilov