Қазақстандық парламенттік делегация Парламенттік Ассамблея Кеңесінің Ереванда болған алғашқы көшпелі отырысына қатысты

СТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Сенаттың Әлеуметтік мәдени даму комитетінің төрағасы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Ахан Бижанов бастаған қазақстандық парламенттік делегация Ұйымның Парламенттік Ассамблея Кеңесінің Ереванда болған алғашқы көшпелі отырысына қатысты.
None
None

Армения Ұлттық жиналысының ғимаратында өткен отырыстың күн тәртібін талқылауға ресей, армян, беларус, тәжік парламентшілері қатысты.

Отырыста сөз алған А.Бижанов Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің сабақтастығы мен жаңалықтарына қатысты мәселелерге назар аударды.

ЕҚЫҰ-ның тиімділігін арттыру, оны жер жүзінің үш құрлығындағы 56 елді біріктіретін ерекше үнқатысу алаңы ретінде дамыту жөніндегі Қазақстанның ниеті және еліміздің төрағалық ету тұжырымдамасы туралы айта келіп, сенатор ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы біздің еліміздің оң тәжірибесі туралы әңгімеледі.

Сенатор «ҰҚШҰ және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеялары аясындағы парламентшілердің өзара іс қимылын тереңдету парламентаралық үнқатысудың маңызды буыны болып табылады» деп атап өтті.

«Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының, оның ішіндегі парламенттік құрамдас бөлігінің маңызы артып келеді, өйткені, біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесінде орнықты дамудың аса маңызды факторы», деді А.Бижанов.

ЕҚЫҰ-ның кезекті Саммитін өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасына байланысты депутат мұндай маңызды форумға халықаралық өмірдің ерекше мәселелері енгізілуі мүмкін деп атап өтті. Бірінші кезекте, бұл бірыңғай қауіпсіздік келбетін қалыптастыру, «Корфу үдерістерін» жүзеге асыру, Ауғанстанды қалпына келтіру және оған көмек беру. А.Бижановтың пікірінше, жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібіне ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама әзірлеу туралы мәселені енгізуге де болар еді.

Қазақстан делегациясының басшысы сондай-ақ ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер парламенттерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы халықаралық саланың өзекті мәселелері жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіру жөнінде де сөз сөйледі.

Қырғызстандағы ішкі саяси жағдайды талқылай келіп, отырысқа қатысушылар осы елдегі жағдайды халықаралық құқықтарға сәйкес тұрақтандыруға мүдделі екенін білдірді.

Парламентшілер сондай-ақ Еуропалық қауіпсіздік туралы келісім жобасын бірлесе отырып ілгерілету, ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің мектеп бағдарламасына тарихи естелік сабақтарын енгізу, Беларус және Ресейдің Одақтық Парламенттік Жиналысына ҰҚШҰ ПА жанындағы байқаушы мәртебесін беру туралы мәселелерді қарады.

Соңғы жаңалықтар