Қазақстандық полицейлер ресейлік ЖОО-ларда білім алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы 20 қазақстандық полицей Ресей ІІМ жоғары оқу орындарының бағдарламасы бойынша білім алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқыққорғау, өртке қарсы, авариялық-құтқару органдары мен арнайы қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес жыл сайын Ресей Федерациясы ІІМ ЖОО-ларында Қазақстан Республикасының ІІМ үшін оқуға квота бөлінеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ ЖОО қабылдау комиссияларымен оқуға түсу емтихандарынан өткен және іріктеу барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 20 үміткер іріктеліп алынды.
Ағымдағы жылы Ресей ІІМ ЖОО-ларында жоғары білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 20 қызметкерін оқуға
қабылдау жоспарланған. Олар атап айтқанда, Ресей ІІМ Краснодар университетінде; Ресей ІІМ Волгоград академиясында; Ресей ІІМ
Нижний Новгород академиясында; Ресей ІІМ Воронеж институтында; Ресей ІІМ Сібір заң институтында; Ресей ІІМ В.Я.Кикотя атындағы
Мәскеу университетінде; Ресей ІІМ Санкт-Петербург университетінде оқитын болады.
Кадр жұмысы департаменті бастығының 2018 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен Ресей ІІМ ЖОО-ларына оқуға жолданатын қызметкерлерге кіші
басшы құрамның «қатардағы полицей» арнаулы атағы берілді.
Министрліктің басшылығы елімізде құқық тәртібін қамтамасыз ете алатын және қылмыстылықпен тиімді күрес жүргізе алатын жоғары білікті
мамандардың даярлануына ереше назар аударады.
Ресей ІІМ оқу орындарын бітірген біздің түлектер Қазақстанның ІІО қызметкерлері қатарында лайықты орынға ие, полицейлік қызметтің жауапты
және күрделі учаскелерінде қызмет атқаруда.
Ресейге жіберілетін курсанттар Қазақстан Республикасын лайықты көрсете білеріне сенім зор. Осыған байланысты біздің өкілдерден
тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау, оқуға деген жауапкершілік талап етіледі.