Қазақстандық режиссер Ә.Ержановтың «Үкілі Кәмшат» туындысы Орталық Азиядағы үздік фильм ретінде танылды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасында ұлттық «Ак Илбирс-2015» кинопремиясы аясында режиссер Әділхан Ержанов түсірген «Үкілі Кәмшат» фильмі «Орталық Азиядағы үздік фильм» номинациясын жеңіп алды.
None
None

Салтанатты рәсімде фильм продюссері Серік Әбішевке награданы Қырғызстанның құрметті өнер қайраткері Геннадий Базаров пен топ-модель Мээрим Атантаева тапсырды.

Қазақстандық «Үкілі Кәмшат» фильмінің әлемдік премьерасы 2014 жылғы мамырда Канн фестивалінде өткен. Кейіннен Ә. Ержановтың жұмысына Голландия, Канада, Польша, Ресей, Сингапур, Словакия, Франция және Оңтүстік Корея фестивальдерінде кино сыншылары жоғары баға берді.

Фильм азиялық «Оскарь» ретінде белгілі жыл сайынғы Asia Pasific Screen Awards сыйлығын алды. Кино операторы - Еркінбек Пітіралиев.

Түрлі номинацияда 9 награда алған режиссер Садық Шер-Нияздың «Құрманжан Датқа» атты қырғыздың тарихи фильмі фестивальдің бас жүлдесін алды.

Соңғы жаңалықтар