Қазақстандық «Ринго» тобы Түркиядағы алғашқы «Түрківидение» музыкалық конкурсының финалында өнер көрсетті

ЫСТАМБҰЛ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Түркі әлемнің мәдени астанасы - түріктің Ескішаһар провинциясында 19-21 желтоқсан күндері 24 ел музыканттарының қатысуымен «Түрківидение» (Türkvizyon) халықаралық музыкалық конкурс өтті.
None
None

«Түрківидение» - халықаралық «Еуровидение» музыкалық конкурсы сияқты 300 млн. адамнан астам аудиторияны қамтитын жаңа ән байқауы.

Қазақстаннан оған «Ринго» тобы қатысып, «Бірлікпен алға» әнін орындап, көрермендердің зор құрметіне бөленді және конкурс финалына шықты. «Ринго» тобын қазақстандықтар, соның ішінде, Түркиядағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, түрік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қолдады.

Қазақстанда іріктеу кезеңіне осы конкурсқа қатысуға 16 әнші мен музыкалық топтар қатысқан болатын. Іріктеу турнирінің жеңімпазын қазақстандық көрермендер SMS-дауыс беру арқылы анықтады.

«Түрківидение» конкурсының финалық ашылуы Қарашай-Черкес халық әртісі, ноғайлық белгілі орындаушы Арысланбек Сұлтанбеков «Домбыра» шығармасын орындаумен басталды.

Конкурс ұйымдастырушыларының ақпаратына қарағанда, жеңімпазға 20 мың еуро және конкурстың алтыннын жасалған (150 г) мүсіншесі сыйға беріледі. Екінші және үшінші орындарға ие болған жүлдегерлер 10 мың еуродан және алтын мүсіншелерді алады.

Конкурс жеңімпазы Әзербайжан өкілі Фарид Гасанов болды, екінші орынды Беларусь өкілі жеңіп алды, үшінші орын- Украина әншісіне бұйырды.

Ескішаһар қаласы - 2013 жылғы түркі әлемнің астанасы, ол эстафетаны Астанадан қабылдап алды. Жыл сайынғы мәдени астананы таңдау туралы шешім 2010 жылы Ыстамбұлда өткен Түркітілдес мемлекеттер басшылары одағының Х саммитінде қабылданған болатын.

Конкурсты «Ескішаһар - 2013 жылғы түркі әлемінің астанасы» агенттігі мен осы аттас провинцияның губернаторлығы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар