Қазақстандық сенаторлар Мәскеуде ресейлік әріптестерімен екіжақты өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады

СКЕУ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/- Кеше Мәскеуде Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының Ресей Федерация Кеңесі өкілдермен кездесуі өтті. Тараптар ресейлік Федерация Кеңесі мен қазақстандық Сенат арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың бесінші отырысына қатысты.
None
None

Федерация Кеңесі төрағасының орынбасары Александр Торшин атап өткендей, парламенттік ынтымақтастық өте табысты дамып келеді, біздің елдеріміздің Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік сияқты ықпалдастық үдерістерінің жандана түсуіне байланысты оны одан әрі дамытудың үлкен мүмкіндіктері туындап отыр.

Өз кезегінде қазақстандық делегация басшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов тараптар Кедендік одақтың, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметтерін құқықтық қамтамасыз етуде табысты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті, ол екі ел арасындағы тауар айналымының өсуіне оң ықпал етуде.

«Ресей мен Қазақстан арасындағы Парламенттік ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша дамып отыр. Кедендік одақ пен БЭК-тен басқа бұл ТМД Парламентаралық ассамблеясына, Еуоазиялық экономикалық қоғамдастыққа, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына және басқа да халықаралық құрылымдардағы біздің өзара іс-қимылдарымызға қатысты», - деп атап көрсетті сенатор.

Өз кезегінде Парламенттік топтың ресей бөлігінен тең төрағасы Константин Титов Қазақстанда шағын бизнеске жасалып отырған жағдайға жоғары баға берді. А.Торшин Ресей үшін ҚР-сындағы зейнетақы реформасын жүзеге асыру тәжірибесінің маңызы зор.

Пікір алмасудан кейін А.Бижанов шекаралық ынтымақтастықты заңнамалық қолдау қажеттігін атап өтті, бұл ұсыныс кездесуге қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Парламенттік топтың бесінші отырысы барысында сондай-ақ білім беру және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. БЭК қызметінің жүзеге аырылуы жағдайында медициналық тауарларды ілгері жылжыту жөніндегі үйлестірілген саясат жүргізу мәселесі қаралды. Кездесудің соңында тараптар Парламенттік топтың келесі отырысын алдағы жылы Астанада өткізуге уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар