Қазақстандық шекарашылар мыңнан астам қойды заңсыз жерден өткізген өзбек азаматын ұстады

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Жетісай шекара отрядына қарасты «Тамды» заставасының шекарашылары Өзбекстаннан көршілес Қазақстанға мыңнан астам қойды заңсыз жерден өткізген өзбек азаматын ұстады.
None
None

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Тексеру кезінде Б. есімді өзбек азаматының 1973 жылы туылған бақташы екендігі анықталды.

Ал шекарадан бір шақырымдай қашықтықтағы шоқы басында бақташыны екі мотоцикл мінген белгісіз төрт адам күтіп тұрғандығы байқалды. Олар шекара нарядын алыстан көріп қалып, тез арада қараларын батырды.

Бақташының әңгімесіне қарағанда, бір отар қойдың иесі К. есімді Өзбекстан азаматы болып табылады.

Ұсталған мал күзетке алынып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар