Қазақстандық спортшы маунтинбайктен Азия чемпионатында «қола» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Алина Сарқұлова маунтинбайктен Азия чемпионатында кросс-кантри дисциплинасында (ХСО) күміс медаль жеңіп алды. Шара Сунчхонда (Корея) өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы маунтинбайктен Азия чемпионатында «қола» алды

Қазақстандық Татьяна Генелева жетінші орын алды.

Сунчхондағы Азия чемпионатындағы кросс-кантри нәтижесі:

1. Хунфэн Ли (Қытай)- 1:23:38

2. Кайксиа Ма (Қытай) +3:35

3. Алина Сарқұлова +6:35

7. Татьяна Генелева +17:48

Бұған дейін Қазақстан құрамасы маунтинбайктен Азия чемпионатында «алтын» иеленді. Қазақстан командасының намысын Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Сарқұлова мен Темірлан Мұхамедиянов қорғады.

Ал қазақстандық юниорлар Алина Спирина мен Виолетта Казакова кросс-кантри олимпик дисциплинасында сәйкесінше «алтын» және «күміс» алды. Денис Сергиенко да екінші орын иеленіп, өз нәтижесімен қуантты.