18:27, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Қазақстандық спортшылар Ванкувердегі ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 37 лицензияны жеңіп алды
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстандық спортшылар Ванкувер қаласындағы (Канада) ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін 37 лицензияны жеңіп алды,

деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар шаңғымен сырғанаудан - 9 (5 ер, 4 әйел), биатлоннан - 9 (5 ер, 4 әйел), трамплиннен шаңғымен секіруден - 5 (ер), тау шаңғысы спортынан - 2 (1 ер, 1 әйел), мәнерлеп сырғанаудан - 2 (ер), фристайлдан - 5 (3 ер, 2 әйел), конькимен жүгіру спортынан - 4, шорт тректен 1 (ер) лицензияны жеңіп алудың сәті түсті.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінде айтқанындай, лицензиялардың бұл саны түпкілікті емес. Қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Қазақстан барлығы 42-45 лицензияны алуды жоспарлап отыр. Халықаралық олимпиада комитеті жарыстарға қатысатын спортшылардың тізімін 2010 жылғы қаңтардың аяғында жариялауды жоспарлап отыр.