13:05, 12 Тамыз 2023 | GMT +5
Қазақстандық суға жүзушілер халықаралық жарыста үш медаль жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында суға жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған мемелкеттің Брест қаласында өткен Тсуға жүзуден алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына екі күміс және бір қола медаль түсті.
Ел құрамасынан 200 метр қашықтыққа аркамен жүзуде Егор Попов мәреге екінші болып келді. Бұл сайыста ресейлік Ярослав Лозе чемпион атанса, Александр Кононов үздік үштікті түйіндеді.
Тағы бір күміс жүлде еркін әдіспен эстафеталық жарыста еліміздің ерлер құрамасы алды.
Ал аталған қашықтықта қазақстандық әйелдер құрамасы қола жүлдені қанағат тұтты.
Еске салсақ, бұдан бұрын аталған ойындарда еркін күрестен ел қоржынына 4 жүлде түсті.