Қазақстандық таэквондошы Бельгияда өткен турнирде жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таэквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров Belgian Open G2 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол 58 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.
Самирхон бірінші айналымда испандық Исаак Бланко Пинейродан басым түсті. Екінші айналымда америкалық Дэвид Ким біздің спортшымызға қарсылық көрсете алмады.
Жартылай финалға шығу үшін өткен белдесуде жерлесіміз бельгиялық Хеди Неффатиден мықты болып шықты.
Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшы 2021 жылғы Еуропа чемпионы француз Сириан Раведен басым түсті. Абабакиров финалда австралиялық Бэйли Льюисті жеңіп, осы турнирдің чемпионы атанды.
Осы жеңісінің арқасында Абабакиров халықаралық рейтингте көтерілуіне септігін тигізетін 20 ұпайға ие болды.