Қазақстандық танымал әнші тәжік боксшысын нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, көрермендерді таң-тамаша қалдырды, деп хабарлайды SPORTINFORM . 
None
None

Ибрагим Ескендір шаршы алаңға ұлттық шапанмен және өзі орындайтын әннің сүйемелдеуімен шықты. Қарсыласы иықты әрі сұсты көрінгенімен, қазақстандық әншінің жанкүйерлеріне арнаған «сыйы» бар екен. Кездесу басталысымен Ибрагим толассыз шабуылға басып, қарсыласын ықтырып тастады. Дөп тиген бірнеше соққыдан кейін Тәжікстаннан келген дебютант сұлқ түсіп, айқаста жеңіліс тапты. Ибрагим бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстандық әнші әрі боксшы кәсіби бокстағы екінші кездесуін сәтті өткізіп отыр.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсан күні Мәскеуде өткен айқаста Ибрагим қырғызстандық Шерғазы Сақтановты мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар