Қазақстандық танымал боксшы титулдық жекпе-жектің өтетін күні мен орнын жариялады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Құрметті достар, мен сіздерді титулдық жекпе-жегімді көруге шақырамын! Жекпе-жек туған Қазақстанымда, Алматыда өтетініне қуаныштымын. Менің жанкүйерлерім, келіп қолдау көрсете аласыздар! Бұл - менің мансабымдағы ең үлкен айқас. Біз бұған көптен бері дайындалып, келе жатырмыз. Маған сенім артқандарыңызға рахмет. Мен тынбай еңбектеніп, сенімдеріңізді ақтаймын. Бокс - менің өмірім. 2 қазанда кездескенше», – деп жазды Лукас Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Лукас бұған дейін кәсіби рингте бір жекпе-жек өткізген болатын.

Өткен жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтанда Ангелина украиналық боксшы Светлана Василевскаяны ұтты.



Соңғы жаңалықтар