Қазақстандық теннисші Чехиядағы турнирді жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Дмитрий Попко Острава (Чехия) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлемнің 169-ракеткасы Д.Попко бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 188-орында тұрған аустриялық Себастиан Офнермен өткізді.

Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық теннисші сәтті ойнады – 7:6 (7:5).

Екінші сетте С.Офнер есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда Д.Попко жеңісті жұлып алды – 6:4.

Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған матч барысында Д.Попко 7 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ.

Д.Попко жарыстың ширек финалына шығу үшін рейтингте 272-сатыдағы чехиялық Йонас Форейтекпен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 345-ракеткасы Денис Евсеев те Рим челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған Д.Евсеев алғашқы айналымда әлемнің 160-ракеткасы, италиялық Алессандро Джанессимен шеберлік байқасты. Есеп 7:6 (7:5), 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисшінің қарсыласы матчты жалғастырудан бас тартты.

Д.Евсеев ширек финалға шығу үшін тағы бір италиялық, рейтингте 178-орындағы Джанмарко Морони сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ іріктеу кезеңінің ширек финалына шықты.





Соңғы жаңалықтар