Қазақстандық теннисші Франциядағы жарыстың ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Анна Данилина жекелей сында Франциядағы Биаррице W60 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Дүниежүзілік рейтингте 351-орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 445-ракеткасы, франциялық Сара Цакаревичпен өткізді.
Екі сағат 31 минутқа созылған матчта А.Данилина 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшының екінші матчы да тартысты өтті. Ол бұл жолы 2 сағат 40 минутқа созылған бәсекеде әлемнің 187-ракеткасы, швейцариялық Йоанна Цугерді 4:6, 7:6 (9:7), 6:4 есебімен жолдан тайдырды.
А.Данилина жартылай финалға шығу үшін рейтингте 509-сатыдағы франциялық Люси Нгуен-Танмен таласады. Ол әлемнің 159-ыншы, осы доданың 2-ракеткасы, бельгиялық Исалин Бонавантюрді ұтып кетті – 5:7, 6:3, 6:1.
Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бублик жанкүйерлерін қуанта алмады.
А.Бублик Штутгарт (Германия) ATP 250 турнирінің екінші айналымында әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарысының үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Маррейге жол берді – 3:6, 6:7 (4:7). Екінші партияда есеп 5:3 болып, сетке доп берген А.Бублик сол мүмкіндігін пайдалана алмады.
Е.Рыбакина Хертогенбос (Нидерланды) додасының екінші айналымында америкалық Шелби Роджерстен ұтылып қалды – 2:6, 4:6.
Сөйтіп, екеуі де ширек финалға шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Қазақстан балалар құрамасының Азия чемпионатының финалдық кезеңіне шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар