Қазақстандық теннисші Каратанчева АҚШ-тың Phoenix турнирінде жеңімпаз атанды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-та өткен ITF сериясындағы Phoenix турнирін бағындырды.
None
None

Бүгін таңертең турнирдің соңғы шешуші матчтында Каратанчева Португалия теннисшісі Мишель Ларшер де Бритомен кездесу өткізіп, қарсыласын 6:1, 7:5 есебімен екі сетте тізе бүктірді.

Бұдан бір күн бұрын жартылай финалдық кездесуде жерлесіміз америкалық спортшы қыз Мэдисон Кейсті - 1:6, 7:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Осы биігінен кейін отандасымыз турнирдің 75 мың АҚШ доллар сыйақысын алып қана қоймай, Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығының әлемдік рейтінгісінде бірден 37 сатыға жоғарылап, 175-орыннан 138-орынға жайғасты.

Соңғы жаңалықтар