09:52, 24 Маусым 2022 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Миландағы турнирдің жартылай финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Милан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Владислав Манафовпен бірге ширек финалда ресейлік Алексей Ватутин - аустриялық Тристан-Самюэль Вейссборн жұбымен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп 7:6 (7:4), 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 45 минутқа созылған тартысты матчта Ломакин мен Манафов 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.
Қазақстандық-украиналық жұп финалға шығу үшін италиялық Лусиано Дардери - бразилиялық Фернандо Ромболимен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Уимблдонда өнер көрсететінін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведев Astana Open турнирінде ойнайды.