Қазақстандық теннисші Сербияда ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші үндістандық Пратхан Тхомбаремен бірге бастапқы кездесуін ресейлік Дарья Лодикова – германиялық Луиза Мейер-Хайдемен өткізді.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева мен П.Тхомбаре 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық-үндістандық жұп жартылай финалға шығу үшін сербиялықтар Ивана Йорович – Деяна Радановичпен таласады.
Жекелей сында Жібек алғашқы айналымда испаниялық Лейра Ромероға есе жіберді – 3:6, 1:6.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 33-ракеткасы Юлия Путинцева Истборн WTA 500 жарысының үшінші айналымында рейтингте өзінен үш саты төмен тұрған украиналық Ангелина Калининадан ұтылып қалды – 3:6, 6:2, 3:6. Сөйтіп ширек финалға шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Уимблдонда іріктеу сайыстарының финалына шыққанын, Зарина Диястың биылғы жарыстарға қатыса алмайтынын мәлімдегенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Истборн турнирінің ширек финалына өтті.