Қазақстандық теннисші Сербиядағы турнирдің финалына шықты

Осы жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен үндістандық Пратхан Тхомбаре жартылай финалда румыниялық Илоне-Георгиана Гиорайе - италиялық Ангелина Морателлимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-үндістандық жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді олар финалда испаниялық Лейре Ромеро-Гормаз - хорватиялық Тара Вюртпен бас жүлдені сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова үндістандық Зил Десаимен бірге жұптық сында Үндістанда жартылай финалда жапониялықтар Момоко Робори - Мисаки Мацудадан ұтылып қалды - 2:6, 4:6.
Ерлер арасында Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Владислав Манафовпен бірге Милан челленджер жарысының финалына шыға алмады. Олар жартылай финалда италиялық Лусиано Дардери - бразилиялық Фернандо Ромболиге есе жіберді - 2:6, 6:7 (4:7).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің бірінші ракеткасы Даниил Медведевтің Astana Open турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Миландағы турнирдің жартылай финалына шықты.