Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов АҚШ-та өтіп жатқан Хьюстон ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін франциялық Жонатан Эйссерик – нидерландылық Давид Пелмен өткізді.

Бір сағат 47 минутқа созылған тартысты матчта А.Недовесов пен А.Голубев 2:6, 7:6 (7:5), 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Олар ойын барысында 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстандықтар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген швециялық Андре Горанссон – жапониялық Бен Маклахланмен таласады.

Жалпы жүлде қоры 642 735 АҚШ долларына бағаланған Хьюстон додасы 9 сәуірде мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстонда әлемнің экс-үшінші ракеткасын жеңгенін жазған болатынбыз.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 17-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар