04:35, 12 Ақпан 2023 | GMT +5
Қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы турнирдің финалына шыға алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев Кордоба (Аргентина) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп жартылай финалда осы жарыстың екінші ракеткалары, аргентиналықтар Максимо Гонсалес - Андрес Мольтенимен шеберлік байқасты.
Корт иелері 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 10 минутқа созылған кездесуде А.Голубев пен А.Недовесов 1 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты пайдалана білді. Қарсыластары 2 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын еліміз теннисшілерінің Аргентинадағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Фото - Қазақстан теннис федерациясы