03:28, 15 Ақпан 2023 | GMT +5
Қазақстандық теннисшілер Аргентинадағы жарыстың ширек финалына жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жұп алғашқы айналымда аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен шеберлік байқасты.
А.Голубев пен А.Недовесов екі партияда 6:4, 6:4 есебімен басымдылық танытты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч барысында қазақстандық дуэт 3 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. Аустриялықтар 1 эйспен ғана шектелді.
Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің түрлі жарыста қатарынан оныншы рет жеңіліс тапқанын жазған болатынбыз.
Қазақстандық төрешілер алғаш рет Әбу-Дабидегі турнирде қазылық етті.
Александр Бублик жұптық сында Роттердам турнирінің ширек финалына шықты.
Фото – Қазақстан теннис федерациясы