Қазақстандық теннисшілер Еуропадағы турнирлердің финалисі атанды

Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер додасының үшінші ракеткалары болып тіркелген А. Недовесов пен пәкстандық Айсам Куреши финалда ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Анри Паттенмен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда А. Недовесов пен А. Куреши брейк жасап, басымдылық танытты – 6:4.
Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 6:3.
Супер тай-брейкте ұлыбританиялықтардың бағы жанды – 11:9.
Жібек Құламбаева жұптық сында латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге Италияның Брешия қаласында ITF W60 жарысының финалында италиялықтар Нурия Бранкаччио – Лиза Пигатомен ойнады.
Бұл матчта да корт иелері айласын асырып кетті – 6:4, 6:1.
Осылайша, А. Недовесов пен Ж. Құламбаева соңғы бәсекеде жеңіліс тауып, финалист атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Италиядағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты.