Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы турнирдің финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

А.Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге жартылай финалда бразилиялық Рафаэль Матос - испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен кездесті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта бразилиялық-испаниялық жұп 7:5, 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Голубев пен франциялық Фабрис Мартенмен бірге италиялық Андреа Вавассори - поляк Ян Зелинскимен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық-франциялық жұп тай-брейкте басымдық көрсетті - 7:6 (7:4).

Екіншісінде қарсыластары есе қайырды - 7:6 (7:5). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 11:9.

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды.

Осылайша қос қазақстандық теннисші финалдан тыс қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Чарльстон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар