Қазақстандық теннисшілер Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Марракеш (Марокко) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Турнирдің 1-ракеткалары болып тіркелген А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге бастапқы кездесуін нидерландылықтар Таллон Грикспур – Ботик Ван де Зандшульппен өткізді.

Тартысты өткен матчта бірінші партияда нидерландылық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (8:6).

Екіншісінде А.Голубев пен Ф.Мартен есе қайырды – 7:6 (7:2). Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:6.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық-франциялық жұп 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Недовесов пәкстандық Айсам Курешимен бірге доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Сандер Жилле – Йоран Флигенді бір сағаттан сәл астам уақытта 6:3, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

А.Недовесов пен А.Куреши 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Бельгиялық жұп 4 эйспен шектелді.

Қазақстандықтардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Чарльстон турнирінің екінші айналымына шыққанын, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Аустралиямен ойнайтынын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар