Қазақстандық теннисшілер Шымкенттегі турнирдің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Жібек Құламбаева, Жанель Рүстемова және Аружан Сағындықова Шымкенттегі ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Жібек Құламбаева жұптық сында Нидерланд өкілі Джудит Виссхермен бірге жартылай финалда ресейліктер Екатерина Маклакова – Виктория Михайловамен кездесті.

Құламбаева – Виссхермен жұбы 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екінші жартылай финалда Жанель Рүстемова мен Аружан Сағындықова тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова – ресейлік Анастасия Сухотинамен шеберлік байқасты. Бірінші сет 6:4 есебімен Аружан мен Жанельдің пайдасына шешілді. Екінші партия басында Гөзал жарақат алып қалып, матчты жалғастыра алмады.

Осылайша финалда Ж.Құламбаева – Д.Виссхер және Ж.Рүстемова – А.Сағындықова жұптары бас жүлдені сарапқа салады.

Сонымен қатар Ж.Құламбаева жекелей сында жартылай финалға өтті. Ол финалға шығу үшін ресейлік А.Сухотинамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу кезеңінде үшінші орынға таласатынын, Елена Рыбакинаның Мадрид турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Мюнхен турнирінің финалына шыға алмады.


Соңғы жаңалықтар