Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисшілер US Open турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Михаил Кукушкин мен Дмитрий Попконың қарсыластары анықталды. Әлемнің 129-інші, іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы М.Кукушкин дүниежүзілік рейтингіде 193-орындағы франциялық Матиас Буркпен шеберлік байқасады.

Рейтингіде 182-сатыдағы Д.Попко өзінен үш саты жоғары тұрған словениялық Блаж Роламен күш сынасады.

Қазақстандықтар негізгі жарысқа жолдама алуы үшін әрқайсысы үш қарсыласын ұтуы керек.

АҚШ-тағы «Үлкен дулыға» турнирі 30 тамызда басталып, 12 қыркүйекте мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Чикагода жеңіліп қалғанын, Astana Open турниріне кімдердің қатысатынын жазған болатынбыз.