Қазақстандық теннисшілер Женева және Лион турнирлерінің жартылай финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Женева және Лион ATP 250 турнирлерінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисшілер Женева және Лион турнирлерінің жартылай финалына шыға алмады

Андрей Голубев хорватиялық Марин Чиличпен бірге ширек финалда Женева жарысының 3-ракеткалары, оңтүстікафрикалық Равен Класен - жапониялық Бен Маклахланмен кездесті.

Оңтүстікафрикалық-жапониялық жұп 1 сағат 21 минутқа созылған матчта 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.

Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов италиялық Андреа Вавассоримен бірге Лионда бразилиялық Марсело Демолинер - мексикалық Сантьяго Гонсалеспен жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Бұл кездесуде С.Гонсалес пен М.Демолинер 7:6 (7:1), 6:4 есебімен ұтты. Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогына Қазақстан құрамасы матчтарының қашан өтетіні белгілі болғанын жазған едік.