Қазақстандық теннисшілердің Әбу-Даби турниріндегі қарсыластары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілердің Әбу-Даби WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) биыл алғаш рет ұйымдастырып отырған дода 5-13 қаңтар аралығында өтеді.

Жарыстың жүлде қоры 565 530 АҚШ долларын құрайды.

Әбу-Дабидің негізгі турниріне Қазақстаннан төрт теннисші қатысады. Оған қоса Анна Данилина бүгін іріктеу сайысында қытайлық Ян Чжаосюаньмен күш сынасады. Егер ол іріктеу сайыстарынан өтсе, негізгі жарысқа жолдама алады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ыншы, осы турнирдің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда іріктеу сайыстары жеңімпаздарының біреуімен кездеседі. Сондай-ақ Ярослава Шведованың да қарсыласы әзірге белгісіз.

Дүниежүзілік рейтингте 28-сатыда тұрған, осы турнирдің 13-ракеткасы болып тіркелген Юлия Путинцева италиялық Мартина Тревизанмен кортқа шығады. М.Тревизан өткен жылы Ролан Гаррос турнирінде аса табысты өнер көрсетіп, соның нәтижесінде үздік жүздікке енді, қазір ол 85-орында тұр.

Зарина Дияс бірінші айналымда әлемнің 33-інші, турнирдің 17-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасады.

Әбу-Дабидегі негізгі турнир 6 қаңтар күні басталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстаннан төрт теннисшінің Әбу-Даби турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар