Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) ерлер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 36-дан 37-сатыға сырғып кетті.

Тимофей Скатов 141-орнында қалса, Михаил Кукушкин 235-тен 236-ға, Денис Евсеев 287-ден 290-ға, Бейбіт Жукаев 321-ден 323-ке, Дмитрий Попко 324-тен 325-ке төмендеді.

Әлемдік рейтингте бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас көш бастап келеді. Оның отандасы Рафаэль Надаль екінші, грекиялық Стефанос Циципас үшінші орында.

Жұптық сында Андрей Голубев 52-ден 49-ға, Александр Недовесов 57-ден 54-ке, Александр Бублик 169-дан 165-ке көтерілді.

Мұнда Нидерланд өкілі Уэсли Колхоф көш басына шықты. Ұлыбританиялық Нил Скупски екінші, бұрынғы көшбасшы, америкалық Раджив Рам үшінші сатыда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық турнирлерде үздік шыққанын жазған болатынбыз.


Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар