Қазақстандық үздік 10 боксшының тізімі жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайты қазақстандық үздік 10 боксшының рейтингін жасады, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Бірінші орынға әдеттегідей орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин жайғасты. Оның ұпайы басқалардан әлдеқайда көп – 1276. Екінші орында – 196,1 ұпаймен Батыр Жүкембаев. Қазақстандық боксшылардың үздік үштігін 141,6 ұпаймен Қанат Ислам түйіндеп тұр.

BoxRec нұсқасы бойынша қазақстандық үздік ТОП-10 боксшы:

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 1276
2. Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) — 196,1
3. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 141,6
4. Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) — 113,2
5. Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) — 80,01
6. Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) — 72,92
7. Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) — 63,78
8. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 54,77
9. Станислав Калицкий (9-0, 3 КО) — 54,13
10. Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) — 50,55.

Осылайша, осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов және басқа да білікті спортшылар үздік ондықтан тыс қалып қойды.





Соңғы жаңалықтар
Референдум